«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2016 жылы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес құрылған. Миссиясы — медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы елдің әрбір азаматын күтпеген жерден жоғары шығыстардан қаржылық қорғауды қамтамасыз ету.

Қордың Міндеті

№1 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • — МӘМС жүйесіне қатысуды арттыру
  • — Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру

№2 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • — Медициналық қызметтер көлемін және тарифтік саясатты жоспарлауды жетілдіру
  • — Медициналық қызметтерді сатып алу және төлеу тетіктерін жетілдіру

№3 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер анықталды:

  • — Медициналық көмек сапасының проактивті мониторингі тетіктерін енгізу
  • — Пациентпен кері байланысты жетілдіру

№4 мақсатты іске асыруда стратегиялық міндеттер айқындалды:

  • — Корпоративтік басқаруды дамыту, процестердің қауіпсіздігі мен реттілігін қамтамасыз ету
  • — Адами капиталды дамыту

Сайтқа бару