Өмірбаян

Мен Мирзалиев Бахыт Иябаевич 1976 жылы 08 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келдім.

Білімім:

1992-2000 жыл аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, Емдеу ісі.

2001 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, Интернатура бойынша мамандығым дәрігер терапевт.

2007 жылы РФ ҚК Санк-Петербург қаласындағы, Киров қаласындағы, Киров атындағы Әскери Медициналық Академиясында «Әскери күштердің медициналық қамтамасыз етуін ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары санатын алдым.

2008 жылы Алматы қаласында (АГИУВ) «Терапевт» мамандығы бойынша санаттық білім деңгейін жоғарылаттым.

2014 жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты». Денсаулық сақтау экономикасы мен басқару бойынша (Қоғамдық денсаулық сақтау, 216 сағат).

2019 жылы «Астана медициналық университеті» «Корпоративтік басқару негіздері» 108 сағат.

Еңбек жолым:

2001-2003 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Гвардиялық қалашығында 07792 әскери бөлімінде медициналық пунктінің бастығы.

2004-2007 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Гвардиялық қалашығында 63302 әскери бөлімінің Терапия бөлімінің бастығы.

2007-2008 жыл аралығында ОҚО Шымкент қаласы, Аэропорт 35748 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы.

2008-2009 жыл аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардиялық қалашығында 21742 әскери бөлімінің медицина қызметінің бастығы.

2009-2011 жыл аралығында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының методикалық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

2011-2016 жыл аралығында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік іс жөніндегі орынбасары.

2016-2018 жыл аралығында №1 Шымкент қалалық ауруханасының бас дәрігері.

2018 жылдың шілде айынан Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының басшысы.

Мемлекеттік награда және марапаттарым:

— Марапаттау грамотасы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының Тәуелсіздік күніне орай, «Үздік дәрігер» ОҚО Шымкент қаласы, Еңбекші аудан әкімі, мамыр 2002 жыл.

— «Елеулі еңбегі» медалі «Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан Денсаулық саласына қосқан үлесі мен ерең еңбегі үшін, желтоқсан 2016 жыл.

— Төсбелгі «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» қараша 2019 жыл.

— Төсбелгі «Түркістан облысы Сарыағаш аудандық әкімінен Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін», 2019 жыл.

— «Үздік маман» медалі Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорынан еселі еңбегі үшін, мамыр 2020 жыл.  

— «Алтын дәрігер» медалі Республикалық «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорынан еселі еңбегі үшін, қазан 2020 жыл.

Отбасылымын 3 ұл 1 қызым бар.

Мен және жақын туыстарымның ешбірі қылмыстық жауапкершілікке, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылмаған.