Қазақсатн Республикасының 2020 жылғы 7 шілдесіндегі № 360-VI «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің негізінде Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) қызметі құрылған.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеті ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қолдау көрсету болып табылады.