10.12.2024 “Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы “ МКК «Әлеуметтік-психологиялық көмек және профилактика» бөлімінің психолог мамандары мен әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында ашық есік күні және семинар-тренинг өтті. Бұл шара әйелдер , ерлер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, отбасылық қарым-қатынастарды жақсарту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
Науқанға қатысқан науқастар арасында өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, демократиялық көзқарасты қалыптастыру, адамгершілікке, психологиялық ахуалды реттеп, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Зорлық-зомбылықты алдын-алу бойынша ақпараттық парақшалар таратып, мағлұматтар берілді.
Емхана психологтары мен әлеуметтік қызметкерлер науқастар арасында түсінік жұмысын жүргізілді. Іс-шара соңында емханаға келуші науқастар өздерінің ойларымен бөлісіп, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.