13.12.2024 жылы «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы» МКК-на Облыстық перинаталдық орталықтан акушер-гинеколог, репродуктолог мамандары Бегманова А.У., Дәуренбекова Ш.Л аудандағы туу жасындағы әйелдер арасында «ЭКО-ға квота алу жолдары» тақырыбында семинар өткізілді.
Қазақстанда жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыруға 7000 квота бөлінеді.
«Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылды. Осы арнайы бағдарлама аясында ЭКО жасатуға берілетін квоталар саны 7 есе көбейтілді. Елімізде ЭКО квотасын қалай алуға болады? Оған қандай анализдер тапсыру керек? Жұбайлар қандай дайындықтан өтеді? Осы және өзге де сауалдарға материалымыздан жауап таба аласыздар.
Негізі балалы бола алмай жүргендерге бірден ЭКО жасау керек деген нұсқау берілмейді. Өйткені алдымен дәрігердің бақылауында болып, дәрі-дәрмек ішіп, операциялар жасау арқылы емделетіндер болады. Ал енді бұл тәсілдер көмектеспеген жағдайда қосалқы репродуктивті технологиялар арқылы жасауға тура келеді. Бұл дегеніміз мыналар:
экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ);
суррогат ана болу;
донорлық жасушаларды қолдану;
аналық жасушаға сперматозоидтарды интрацитоплазмалық енгізу (АЖСИПЕ)
жатырішілк инсеминация (ЖИ);
жыныс жасушаларының криоконсервациясы (қатыру және сақтау);
эмбрионды имплантациялаудың генетикалық диагностикасы (ЭИГД);
еркектерден сперматозоид жинауға арналған TESA әдісі.
Кімдер квота ала алады?
Квота дегеніміз — белгілі бір ауруға шалдыққан азаматқа мемлекет тарапынан емге берілетін қаражат. Біз ЭКО квотасын қарастырып отырмыз. Аталған процедура МӘМС аясында тегін жүргізіледі. Яғни квота алғысы келген адамның статусы сақтандырылған болуы шарт. 2021 жылдан бастап ЭКО-ға 7000 квота бөлінеді.
Ал енді кімдер квотадан үмітті бола алатынына тоқталсақ. Ең біріншіден, бедеулік диагнозы қойылуы керек. Яғни терапиялық жолмен емделу мүмкін емес делінген жағдайда ғана жасалады. Міндетті түрде заңды некеде болуы керек емес. Егер неке ресми тіркелмеген болса, жазбаша келісім арқылы жасалады. Пациенттердің жасы 18-42 аралығында болуға тиіс. Сонымен бірге тұрғылықты мекенжайы Қазақстанда болуы керек.
Әйелдерге қойылатын талаптар туралы түсіндірілді. Соңынан әйелдер өздерін толғандырған сұрақтар бойынша мамандардан жеке кеңес алды.